Телекоммуникация желілерінің бас схемасы әзірленеді

674

Ұтқыр байланыс желісіне арналған қаражатты қайта инвестициялау үшін салықтық преференция қажет. 

Телекоммуникация желілерінің бас схемасы әзірленеді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин тұрғын үй кешендерін интернетсіз пайдалуға беруге тыйым салынатынын мәлімдеді. 

"Көрсетілген проблемаларды ескере отырып, реттеушінің рөлін, яғни біздің министрлікті күшейтуді ұсынып, тиісті заңнамаларға өзгерту енгізу бастамасын көтеріп отырмыз. Біріншіден, сапалы шешім әрі бақылау міндеттерін атқару үшін телекоммуникация желілерінің бас схемасын әзірлейміз. Бұл ақпаратты министрлікке операторлар автоматты түрде беруі қажет", – деді министр сенатта өткен үкімет сағатында. 

Оның сөзінше, министрлік интернет сапасына қойылатын талапты белгілеп, көрсетілген қызмет сапасына бақылауды күшейтеді. 

"Радиожиілікті бөлудің жаңа стандарттарын бекіту керек. Тұрғын үй кешендерін интернетсіз пайдалуға беруге тыйым саламыз. Ұялы байланыс ұйымдарына бөлінген радиожиілік үшін төлемақының жылдық мөлшерлемесін 90% қысқарту арқылы ауылдық елді мекендерде кең жолақты ұтқыр байланыс желілерін салуға арналған қаражатты қайта инвестициялау мақсатында салықтық преференциялар беруді ұсынамыз", – деді Бағдат  Мусин. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу