Телекоммуникациялық компаниялардың кірісі артты

828

Телекоммуникациялық компаниялардың кірісі артты

Осы жылдың қаңтар-маусым айында Қазақстанның байланыс кәсіпорындары 338,4 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,5 пайызға артық, деп жазады qazaqtimes.com.

Статистика комитетінің мәліметінше, телекоммуникациялық компаниялар 2017 жылдың алты айында қаларалық және халықаралық телефон байланысынан 14,2 млрд теңге тапқан. Алайда бұл 2016 жылдың 1 тоқсанындағы баға көрсеткішімен салыстырғанда 10,5%-ға аз.

Ал жергілікті телефон байланысына  20,8 млрд теңге төленсе (6,5%-ға аз), интернетке  111,5 млрд теңге (12,4%-ға артық), ұялы байланысқа 105,4 млрд теңге (1,1%-ға артық) жұмсалған.

Сондай-ақ, қызметтердің ең көп бөлігі интернет (32,9%), ұялы байланыс (31,3%) бойынша көрсетілген. Жергілікті байланысқа көрсетілген қызмет үлесі 6,2%-ды құрайды.

2017 жылдың қаңтар-маусым айында 14,8 млрд теңгеге пошталық және курьерлік қызмет көрсетілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу