Тележүргізуші бикештер КХЛ жұлдыздарының матчында бас бапкерлерге көмектесетін болады

692

Тележүргізуші бикештер КХЛ жұлдыздарының матчында бас бапкерлерге көмектесетін болады

Хоккей маусымының басты матчының тарихында алғаш рет нәзік жандылар өздерін бапкер ретінде сынап көрмек. Атақты тележүргізуші бикештер 2018 жылғы КХЛ-дың Жұлдыздар матчтында бас бапкерлердің көмекшісі міндетін атқаратын болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бойжеткендер хоккей сүйер қауымға КХЛ чемпионаты матчтарындағы жұмысымен таныс. Сонымен, дивизионды құрамаларды Олег Знарк, Игорь Никитин, Андрей Скабелка және Андрей Назаровпен бірге Наталья Кларк, Дарья Миронова, Мария Басс және Соня Гудим мұз алаңына шығармақ.

"Наталья Кларк Бобров дивизионының командасына жетекшілік етсе, Игорь Никитин мен Соня Гудим Тарасов дивизионы құрамысының бас бапкері атанады. Андрей Назаров пен Мария Басс Харламов дивизионы командасын, Андрей Скабелка мен Дарья Миронова Чернышев дивизионы командасын басқаратын болады", - деп жазылған хабарламада.

"Тележүргізуші бикештер бас бапкерлердің көмекшілері ретінде жанкүйерлердің есінде сақталады. Өйткені бұдан бұрын тарихта болмаған еді. Тележүргізушілерге екі маманның жұмысын бір мезетте үйлестіруге тура келеді. Олар өз міндеттерін абыроймен атқарады деп ойлаймын", - дейді КХЛ маркетинг және коммуникациялар бойынша вице-президенті Сергей Доброхвалов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу