Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы туған күнінде жақындарынан алған сыйлықтарын әлеуметтік желіде көрсетті

690

Қазақстандық медиа менеджер сансыз сыйлықтарының арасында өзі үшін ең бағалысы әрі қымбаты қайсысы екенін де айтып өтті. 

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы туған күнінде жақындарынан алған сыйлықтарын әлеуметтік желіде көрсетті  Фото: Видеодан кадр: Instagram/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы туған күнінен кейін өзінің Instаgram парақшасында бейне жариялап, жақын адамдарынан алған сыйлықтарын әлеуметтік желідегі оқырмандарына көрсетті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

Сондай-ақ, бейнежазбадан тележүргізушінің үйі гүл шоқтары мен түрлі бағалы бренд заттарға толып кеткенін де байқауға болады.

Бұдан басқа, белгілі тележүргізуші өзін төл мерекесімен құттықтап, ерекше сый-сыяпат табыстаған жандарға алғысын білдірді.

Сұлтанқызына аса бағалы бренд заттар емес, ЭҚҰ орталықта өзі көмектескен әйелдердің сыйлығы ерекше әсер қалдырған. Елімізге белгілі тележүргізушінің көмегімен аталмыш орталыққа жолдама алып, кейін балалы болған келіншектер оған отбасылық суретін табыстаған.

"Зере, Мирас, Алмаз, Сұлтан, Іңкәр – елдің ұл-қыздары. Рахмет! "Бала-бала деп, өзін ұмытпау керек" дегенді мен ЭҚҰ орталықтардан кейін өте қиын және ауыр қабылдаймын. Мүмкін, түрлі тағдырларды көргеннен кейін шығар. 5 бала, артында отбасы ғана емес, бүтін бір текті әулет тұр. Қазақ үшін "әулет" өте қадірлі ұғым ғой. Осы балапандарымыз дүниеге келем дегенше ата-ана, отбасы, туыстардан бөлек, Алладан тілеп, уайымдаған дәрігерлерді көрдік. Құдайдың қолдауы, сіздердің тілеулеріңіз, үлкендердің батасы, біздің қор мен орталықтың арқасында дүниеге келген 5 нәрестенің жолын биылғы 17 пациентке (отбасыларға) берсін", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу