Тележүргізуші ұшақ апатынан қаза тапқан құрбысына жантебірентерлік жазба арнады

Ол марқұм құрбысымен 9 жыл бұрын танысқан. 

Тележүргізуші ұшақ апатынан қаза тапқан құрбысына жантебірентерлік жазба арнады Фото: коллаж Inbusiness.kz

Танымал тележүргізуші Сәнді Сұлтан ұшақ апатынан қайтыс болған қазақстандық ана мен балаға жантебірентерлік жазба арнады, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Тележүргізуші қайғылы оқиғадан қаза тапқан 6 қазақстандықтың арасындағы Гаухар Шаймерденова мен оның 11 жастағы ұлы Эльдар Жұмағатты танитынын айтып, өткен шақты есіне алған. 

Сәнді Сұлтанның сөзінше, қос құрбы 9 жыл бұрын шешендік өнер курсында танысқан. Содан бері жақсы қарым-қатынаста болып, бір-біріне тілектестік танытқан

"Сен – ұлдарыңа ең керемет анасың! Сен – ең қамқор әрі сүйіспеншілікке толы қызсың! Сен – нағыз доссың! Менің өміріме жарқыраған сәуле сияқты кіріп, өзіңнің қуатты энергияңмен толтырдың… Бізде көп жоспар мен саяхаттар бар еді… Жүрегімдесің! Мәңгілікке...
Сенің жарқын дауысыңды сағынамын, осында сақтаймын… Эльдар – кішкентай, бірақ өте қызғаншақ балақай, сүйікті анасын күндіз де ұзақ уақытқа жібермейтін, үйге тезірек қайтуын талап ететін… Бүгін саған WhatsApp арқылы жауап күтіп хат жаздым… Бірақ, сен желіде таңғы 08:48-де болыпсың. Содан кейін кірмепсің", – деп тебіренді тележүргізуші жеке парақшасында.

Сәнді Сұлтан марқұммен отбасы болып араласқанын, оның саяхаттауды жан сүйетінін жеткізген. Биыл 49 жасқа толған құрбысы нотариуста жұмыс істепті. Гаухар Шаймерденованың үлкен ұлы Аустралияда оқып жатыр, жақында ғана бірінші курсты аяқтап, елге оралған. 

"Ол музыкант еді, ал Гаухар оған әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмектесетін", – деп сөзін жалғады тележүргізуші.

Соңғы ақпараттар бойынша, Гаухар Шаймерденова кіші ұлымен бірге Грозныйға жаңа жылды достарымен қарсы алуға бармақ болған. Оқыс оқиға күні тікелей рейстердің жоқтығынан Астанадан Баку арқылы Грозныйға бағыт алуға тура келіпті. Марқұмның артында жұбайы, үлкен ұлы және анасы қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу