Темекі екі айда 25 пайыз қымбаттаған

772

Темекі екі айда 25 пайыз қымбаттаған

ҰЭМ статистика комитетінің есебі бойынша, осы жылдың қаңтар-ақпанында экспортталатын тауарлар бағасы – 1,6%, импортталатындардың бағасы 1%-ға жоғарылаған.
Осы кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы темір кендеріне – 14,5%, марганец кендеріне – 13,2%, мысқа – 13,1%, көмірге – 3,9%, мұнайға – 3,2%, мырышқа 2,6%-ға жоғарылады, ферроқорытпаларға – 3,3%, қара металл кендеріне 3,1%-ға төмендеді. Бағаның мақтаға – 2,7%, арпаға 0,5%-ға жоғарылауы, олардың бидайға – 1,3%, жүнге 0,3%-ға төмендеуі тіркелді.

Импортталатын өнімдерден темекі – 24,8%, сүт өнімдері 1,5%-ға қымбаттады, какао 7%-ға, кофе және қант 4,3%-дан, шай – 2,5%, құс еті – 1,6%, жемістер мен жаңғақтар 0,7%-ға арзандады. Баға тоқыма бұйымдарына – 3,5%, былғарыға 2,5%-ға, аяқкиім және сүрекке – 1,6%, пластмассаларға және қағазға 0,8%-дан жоғарылады, шиналарға 2,1%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу