Темекінің кесірінен жылына 8 млн-нан аса адам қайтыс болады

1358

Темекі иммунитетті әлсіретеді.

Темекінің кесірінен жылына 8 млн-нан аса адам қайтыс болады

Темекі иммунитетті әлсіретіп, түрлі ауруға шалдықтырады, деп хабарлайды inbusiness.kz

1988 жылғы 31 мамырдан бастап жыл сайын Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні атап өтіледі. 

"Темекі өкпенің қатерлі ісігі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, демікпе, қанайналым жүйесі ауруларын: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, қан тамыры ауруларын тудырады, сондай-ақ ағзаның инфекциямен күресу қабілетін төмендетіп, иммун жүйесіне кері әсер етеді. Пассивті темекі шегу де денсаулыққа зиянын тигізеді. Темекінің кесірінен жылына 8 млн-нан аса адам қайтыс болады", - деп жазылған Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты таратқан хабарламада. 

Дәрігер Гаухар Кожакеева вейпинг те денсаулыққа зиянды екенін атап өтті.

"Бүгінде көптеген адам электронды темекіні тартып жүр. Олардың пікірінше, бұл денсаулыққа зиянын аз тигізеді екен. Бұл – қате пікір. Алайда электронды темекінің аэрозоль құрамында никотин бар. Ол түрлі ауруға шалдықтырады", - деді маман. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы 15 жастан және одан жоғары қазақстандықтар арасында темекі тартатындардың 28,5%-ы ер адамдар, 8,5%-ы әйелдер, ауыл тұрғындары – 19,1%, қала тұрғындары – 17,6%. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу