17 қазанда "Шаған" автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын әкетудің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
336 мың қорап темекі өнімдерін ілеспе құжаттарсыз, құрылыс материалдары түрінде Мемлекеттік шекарадан өткізуге әрекеттенген.
Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 200 млн теңгеден асады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу