2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес 2026 жылға дейінгі 3 жылдық кезеңге темекі өнімдеріне акциздердің ставкалары өзгертілді.
Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Акциздің келесі ставкалары қолданылады:
фильтрлі, фильтрсіз сигареттер, папиростар бойынша:
- 2023 жылы – 14 100 теңге/1000 данаға;
- 2024-2025 жылдары – 15 900 теңге/1000 данаға;
құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысымен қапталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі бойынша:
- 2023 жылы – 12 950 теңге/килограмына;
- 2024-2025 жылдары – 14 150 теңге теңге/килограмына;
электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық бойынша:
- 2023 жылы – 53 теңге/миллилитр сұйықтыққа;
- 2024-2025 жылдары – 55 теңге/миллилитр сұйықтыққа;
сигариллалар бойынша:
- 2023 жылы – 14 100 теңге/ 1000 данаға;
- 2024-2025 жылдары – 15 900 теңге/1000 данаға;
қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға өлшем бірлігі килограммнан данаға өзгере отырып, темекіге акциз мөлшерлемелерінің мөлшері 70% деңгейінде акциздің мөлшерлемесі айқындалды:
- 2023 жылы – 9 870 теңге/1 000 данаға;
- 2024-2025 жылдары – 11 130 теңге/1000 данаға құрайды.