Темекі өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты техникалық регламентке өзгеріс енгізіледі

422

ЕАЭО аясында тараптар құрамында никотині бар өнімдерге қойылатын талаптар туралы техникалық регламент әзірлеуге келісті. 

Темекі өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты техникалық регламентке өзгеріс енгізіледі Фото: 365info.kz

Жалпы, қолдан жасалған, елге заңсыз әкелінген темекі өнімдерін реттеу мәселесі Сауда және интеграция министрлігінің құзырына кірмейді. Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның мәліметінше, ЕАЭО аясында табак өнімдерінің қауіпсіздігі туралы бірыңғай техникалық регламент қабылданып, күшіне енген. Ол Одаққа мүше 5 елде міндетті талаптарды бекітеді.  Атап айтқанда темекі құрамында қанша смола, никотин секілді заттары болуы тиіс екенін қатысты талап қойылады.

Бірақ соңғы жылдары никотин тұтынуға көмектесетін, арнайы құралдар пайда болды. Осы құралдарды қалай, қай құжаттың негізінде реттеу қажет деген мәселе туды.

"Сондықтан ЕАЭО аясында тараптар құрамында никотині бар өнімдерге қойылатын талаптар туралы техникалық регламент әзірлеуге келісті. Қазір ол құжатты Армения Республикасы әзірлеп жатыр. Дегенмен қазақстандық Денсаулық сақтау саласы мен бизнес қауымдастықтың өкілдері қатаң ұстанымдарын білдіріп жатыр",- Қуаныш Елікбаев.

Сондай-ақ, темекі өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты бұған дейін қолданылып келген техникалық регламентке де өзгерістер енгізіледі.  Сонымен қатар, биыл елімізде темекі өнімдері анықтамалығы мен жіктелуіне қатысты Ұлттық стандарт әзірленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу