Темекі шегетіндердің коронавирусқа шалдығу ықтималдығы жоғары – дәрігер

1374

Темекі тартатын адамның өкпесі оттегіні көбірек қажет етеді.

Темекі шегетіндердің коронавирусқа шалдығу ықтималдығы жоғары – дәрігер

Бұл туралы Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана медицина университеті" КЕАҚ жедел медициналық көмек, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова онлайн өткен брифинг кезінде мәлім етті.

"Темекі мен электронды сигарет тартушылар тәуекел тобына жатады. Өйткені өкпе тініне никотиннің тигізер залалы зор. Өкпеде газ алмасу процесі жүреді. Оттегі кіріп, көмірқышқыл газы шығып, өкпені желдетіп отырады. Егер адам ұзақ уақыт электронды болса да, шылым шексе, өкпесі оттегіні көбірек қажет етеді. Аурудың алдын алу шараларының бірі ретінде немесе ауру жеңілірек өтуі үшін темекіні тастаған жөн. Коронавирус кезінде оттегінің жетіспеушілігі болады. Сол себепті, өкпеге тиетін залал өте зор", – деді Нұрила Малтабарова.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу