Темекі шегуге тыйым салынған орындардың тізімі кеңейтілді

1588

Елімізде темекі тартуға тыйым салынған орындардың тізімі кеңейтілді. Айыппұлдың да мөлшері екі есеге өсті.

Темекі шегуге тыйым салынған орындардың тізімі кеңейтілді

Бұдан былай автобус аялдамасында, балалар ойнайтын алаңда, жаяу жүргіншілер жолында, жер асты өткелі мен метро маңында шылым шеккендер бірден 42 мың теңгенің айыппұлын арқалауы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Тіпті жұрт қарасы көп жерде электронды темекі, кальян, табак сияқты өнімдерді де қолдануға болмайды. Бұл "Халық денсаулығы" туралы заңға енгізіліп отырған өзгеріске сәйкес қолданылатын шара.

Есте болса, бұған дейін темекі бұйымдары тек 21 жастан асқан азаматтарға, әрі жеке құжатын көрсеткен жағдайда ғана сатылуға тиіс деген өзгерту енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу