Темекі шығаратын кәсіпорындарға салынған инвестиция көлемі артты

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында олардың жалпы көлемі 16,66 млрд теңгеге жеткен. Бұл алдыңғы екі жылдың көрсеткішін қосқандағымен тең (шамамен 18 млрд теңге).    

Темекі шығаратын кәсіпорындарға салынған инвестиция көлемі артты Фото: inbusiness.kz

Бірақ 2022 жылдың бірінші жартысында инвестиция көлемі небәрі 1,2 млрд теңгеге жетті (бір жыл бұрынғыдан 2,2 есе аз). Осылайша, қаржының 93% дерлік немесе 15,46 млрд теңге төрт айда (шілдеден қазанды қоса алғанда) тартылған.

Инвестициялардың айтарлықтай өсуі темекі өнімдері өндірісінің ұлғаюы аясында болды: құндық мәнде 238 млрд теңгеге дейін (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда +18,5%), заттай - 15 млрд данаға дейін (+ 12,5%).

Барлық инвестиция бір облысқа - саладағы ірі кәсіпорындар орналасқан Алматы облысына тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу