Темекі тұқылынан үйдің балконы отқа оранды

356

Тағы бір сөндірілмеген темекі тұқылы Риддер қаласындағы пәтердің өртенуін себепші болды.

Темекі тұқылынан үйдің балконы отқа оранды Фото: ТЖД

Риддер қаласында Тәуелсіздік көшесінде үшінші қабаттағы балкон өртенді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Облыстық төтенше жағдай баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері түтін аймағынан 6 тұрғынды жедел эвакуациялаған, оның ішінде бір бала бар.

"Өрт 3 шаршы метр аумақта сөндірілді. Балконның пластикалық бөлшектері жанып кетті. Өрт себебі бойынша - темекі шегу кезіндегі абайсыздық нұсқасы пысықталуда", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу