Темекінің бағасы 12%-ға көтерілді

349

Бұйрық 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.  

Темекінің бағасы 12%-ға көтерілді Фото: edu.au

30 маусымда Қаржы министрінің бұйрығымен фильтрленген және фильтрсіз темекіге, темекіге, сигариллаға және қыздырылған темекі қосылған өнімдерге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрыққа өзгеріс енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжатқа сәйкес 20 фильтрлі темекіге, фильтрсіз темекіге, папиросияға, сигариллаға және қыздырылған темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек саудадағы бағалары бекітілді:

  • 2025 жылғы 1 шілдеден 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 920 теңге;
  • 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 970 теңге.

Сонымен Қазақстандағы темекі бағасының өзгеру динамикасы төмендегідей:

  • 2024 жылғы 1 шілде – 31 желтоқсан: 820 теңге;
  • 2025 жылғы 1 қаңтар – 30 маусым: 870 теңге;
  • 2025 жылғы 1 шілде – 31 желтоқсан: 920 теңге;
  • 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап: 970 теңге.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу