Темір жол арқылы Ресейден бензин тасуға тыйым салынады

776

Темір жол арқылы Ресейден бензин тасуға тыйым салынады

Электронды үкімет порталында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаевтің Ресейден Қазақстанға темір жол арқылы бензин тасуға тиым салу жөніндегі бұйрығы жарияланды, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Темір жол арқылы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына бензин тасуға 3 ай көлемінде тыйым салынады", - деп жазылған бұйрық мәтінінде.

Құжатта көрсетілгендей, энергетика министрлігінің мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті ҰҚК шекара қызметіне, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына және Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігіне Еуразиялық экономикалық комиссияға тыйым салу туралы хабарлау үшін хабарлама дайындауға тиіс.

Бұйрық ресми жарияланған уақыттан бастап он күн ішінде күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу