28 шілде күні ҚР ИИДМ көлік комитеті қоғамдық ұйымдармен және құқық қорғау органдарымен рейдтер өткізді.
Шара барысында Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау және Тараз қалаларының вокзалдарында билеттерді жоғары бағамен ұсынатын, сондай-ақ билетсіз қажетті пойызға отырғызуға уәде берген "делдалдар" кездесті. Алты адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы "қоғамдық орындарда ұстау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Анықталған фактілер бойынша, министрлік "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен магистральдік желі дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қабылдауға, сондай-ақ билеттерді заңсыз сатуға қатысқан жеке билет кассаларымен шартты бұзу керектігіне назар аударуды тапсырды.
Айта кетсек, қазіргі уақытта, билеттерді заңсыз қайта сату "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 449-бабындағы "қоғамдық орындарда ұстау" бойынша ғана әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Басқа жауапкершілік әзірше жоқ.