"ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның бас есептеу орталығы темір жол билетін сату жөніндегі онлайн-қызметін жаңартты, деп хабарлайды компаниядан.
Bilet.railways.kz. интернет-порталының жаңартылған нұсқасында ресурсты пайдаланушылардың ұсыныстары мен ескертпелері назарға алынған.
Сайтта қаріп өлшемі мен шегінісі қайта қаралып, вагонның цифрлық сызбасы өзгертілген. Қажетті пойыздар мен бағыттарды іздеу үшін ыңғайлы сүзгіден өткізу жүйесі енгізіліп отыр. Бұл ретте сайттың мобилдік нұсқасы жетілдірілген және де сайтта үш интерфейстің үш тілділігі сақталған: қазақ, орыс және ағылшын.
Жаңа сайтта пойыздың жүру билетін арнайы кабинет арқылы авторлықсыз ресімдеуге болады. Сайтта "күту парақшасы" қызметі де бар. Тұтынушы ол арқылы билет болмаған жағдайда, кезекке де тұра алады. Бос орын болған жағдайда тұтынушының электронды поштасына хабарлама түседі. Сондай-ақ, жолаушылар бұрын сатып алынған билеттерді сайт арқылы қайта өткізе алады. Дисконт карта арқылы "баруға" және "қайтуға" билеттерді бір тапсырыс кезінде ресімдеуге болады.
Оның сыртында сайтта пойыз кестесі туралы анықтамалық ақпарат, бос орындар, пойыз билетінің бағасы, жолаушыларға тиімді жеңілдіктер туралы мәліметтер жинақталған. Тұтынушы жолаушылардың бағалауына сәйкес, пойыздардың қызмет көрсету сапасына қатысты рейтингін де көреді.
Пойыз билетін сатып алуға халықаралық төлемақы жасаудың Visa и MasterCard жүйесін қолдана алатын барлық екінші деңгейлі банктердің төлемақы карталары қабылданады. Қиын мәселе туындағанда оператордың online режімдегі көмегіне жүгінуге болады.