Темір жол билеттері 40 пайыз арзандауы ықтимал

1316

Темір жол билеттері 40 пайыз арзандауы ықтимал

Елімізде темір жол билеттері арзандауы мүмкін. Себебі, ТМД елдерінің теміржол транспорты бойынша кеңесі теміржол тасымалдары үшін қосымша құн салығын мүлдем алып тастауды ұсынды. Бұл туралы аталмыш кеңестің дирекция төрағасы Петр Кучеренко мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы кезде ТМД және Балтық елдерінің кейбір теміржолдарында халықаралық бағдарларда жолаушылар саны азаюда. Бұған себеп дағдарыс пен мемлекеттің әуе транспортына көп көңіл бөлуы болып отыр. Сондықтан Теміржол транспорты бойынша кеңес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесін белгілеуді қажет деп есептейді. Бұл билет бағасын 40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Кучеренконың айтуынша, Қазақстанда жаңа Салық кодексі әзірленуде, сол кезде Кеңестің де ұсыныстары ескерілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу