Темір жол билеттеріне желтоқсанның ортасына дейін жеңілдіктер жарияланды

694

Жолаушылар 2025 жылғы желтоқсанның ортасына дейін 7 бағыт бойынша жеңілдікпен билет ала алады.  

Темір жол билеттеріне желтоқсанның ортасына дейін жеңілдіктер жарияланды Фото: rail-news.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ теміржол билеттеріне арналған акцияның мерзімін ұзартылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

№9/10 "Астана – Алматы"

  •  Вагон түрі: отыруға арналған (2С)
  •  Жеңілдік: отыратын орындарға 40%

№65/66 "Астана – Жезқазған"

  •   Вагон түрі: турист (2Д)
  •   Жеңілдік: купе орындарға 25%

№67/68 "Астана – Өскемен"

  •   Вагон түрі: турист (2Д)
  •   Жеңілдік: жоғарғы орындарға 30%

№77/78 "Алматы – Маңғыстау"

  •   Вагон түрі: купе (2К)
  •   Жеңілдік: жоғарғы орындарға 25%

№351/352 "Алматы – Өскемен"

  •   Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
  •   Жеңілдік: жоғарғы орындарға 30%

№691/692 "Атырау – Ақтөбе"

  •   Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
  •   Жеңілдік: жоғарғы орындарға 20%

Күнделікті жүретін пойыз:

№11/12 "Алматы – Шымкент"

  •  Вагон түрі: турист (2Д)
  •  Жеңілдік: купе орындарға 25%

Жеңілдікті билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзалдағы билет кассаларынан алуға болады. Билеттерді пойыз жүруіне 45 күннен 10 күнге дейін сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу