Темір жол саласында заң бұзушылықтарға жол берген мекемеге 1 млрд теңге айыппұл салынды

Ұйым 2 жыл бойы негізсіз "үстеме пайда" алып келген. 

Темір жол саласында заң бұзушылықтарға жол берген мекемеге 1 млрд теңге айыппұл салынды Фото: 365Info

Бас көлік прокуратурасы қылмыстық қудалау және бәсекелестікті қорғау саласындағы уәкілетті органдарымен бірлесіп, нарық субъектілерінің үстем немесе монополия жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтауда.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде темір жол шекараларында сұйық жүктерді қабылдау, сақтау және босату бойынша қызметтер көрсетуде монополиялық артықшылығын пайдаланып, 2 жыл бойы негізсіз "үстеме пайда" алған "Отын – энергетикалық кешен-Қазақстан" Сауда үйі" ЖШС анықталды.

15 наурыз күні ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни нарық субъектісінің монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру арқылы өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін ірі кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.

"Жиналған материал 20 сәуірде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды, оның нәтижелері бойынша монополист әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот оны 1 094 593 950 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді және 579 826 102 теңге сомасында заңсыз алынған монополиялық табысты тәркіледі", - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу