Ел ішінде тасымалданғаны – 52,8 млн тонна. Экспортқа 29,6 млн тонна жөнелтілді.
"4 айда 36,7 млн тонна тас көмір тасымалданды. Оның ішінде қазақстандық тұтынушыларға жеткізілген қатты отын – 26 млн тонна. Экспортқа 10,7 млн тоннасы шығарылды. Астық тасымалдау көлемі 16,3%-ға өсіп, шамамен 4 млн тоннаны құрады. Астық экспорты 16%-ға, яғни 3,2 млн тоннаға дейін өсті. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 20,4%-ға дейін, яғни 1,2 млн тоннаға дейін артып отыр", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
2023 жылғы қаңтар-сәуірде мұнай жүктерін тасымалдау 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 3,3%-ға, 6 млн тоннаға дейін, құрылыс жүктерін 9,6%-ға, 4 млн тоннаға дейін, химиялық тыңайтқыштарды 10%-ға, 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.