Темір жол вокзалында отандық телеарналар көрсетіледі

852

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен "Қазақстан темір жолы "Ұлттық компаниясы" АҚ өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 

Темір жол вокзалында отандық телеарналар көрсетіледі

Меморандумға Басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Серік Әбденов пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова қол қойды, деп хабарлайды ведмствоның баспасөз қызметі.

Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы заңнаманы жүзеге асыру мақсатында жүзеге асқан меморандумның маңызы жоғары. Құжат тараптардың ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған және одан әрі әріптестіктің негізгі аспектілерін айқындайды. Меморандум аясында еліміздегі теміржол вокзалдарының күту залдарында отандық теле-радиоарналардың хабарларын тарату,  әлеуметтік және өзге де қоғамдық маңызы бар бейнероликтерді орналастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, сапар кезінде жолаушылар үшін іріктелетін бағдарламалардың сапасын жақсарту және басқа да бағыттар көзделген. 

Меморандум халықты елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өмірі туралы хабардар етуге ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу