Темір жол жолаушы тасымалы қызметінде соңғы үш жылда баға көтерілген жоқ

555

Соңғы үш жылда темір жолаушы тасымалы саласында бағалар инфляция деңгейінен асқан жоқ. 

Темір жол жолаушы тасымалы қызметінде соңғы үш жылда баға көтерілген жоқ Фото: inbusiness.kz

Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша бұл салада баға жыл ішінде 19,3%-ға көтерілген, ал қазіргі еліміздегі инфляция деңгейі 19,6%-ды құрайды, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Ал, бір жыл бұрын теміржол жолаушы тасымалындағы баға 5,5% өскен еді, ол кездегі инфляция 8,7%-ды құраған болатын, 2020 жылы 4,9%-ға көтерілген, сол жылғы инфляция 7,3% болды. Жалпы, елімізде жолаушы тасымалы саласы "коронадағдарыстан" кейін енді есін жиып келеді. Биылғы он айда теміржол көлігі арқылы 16,3 млн адам жолаушылаған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 12,3 млн, 2020 жылы 9,4 млн адам болған еді.

Жалпы, магистральді темір жол желілерінің бірқатар қызметтері реттелетін қызмет ретінде, оны Табиғи монополияларды реттеу комитеті қадағалайды. Атап айтқанда, комитет:

•             уақытша төмендетуші коэффициентті бекітеді;

•             реттелетін магистральді темір жол желілерінің шекті бағаларын бекітеді;

•             магистральді темір жол желілерінің реттелетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру ережелеріне сәйкес бекітілген шекті бағаларына жыл сайын өзгеріс енгізеді;

•             магистралды және станциялық кірме жолдардың жанасуына магистральді темір жол желілерінің операторы бас тартқан жағдайда, шағымдарды қарайды.

Уақытша төмендетуші коэффициент – бұл тұтынушы мен субъектінің мүдделерін қорғау мақсатында тарифке қолданылатын және ведомство бекітетін көлем. Оның көлемі 0,01 (99,99%) деп бекітілген, бұл ел бойынша магистральді темір жол желілерінің қызметіне кететін шығынды жолаушылар билеті құнының құрылымында қысқартуға мүмкіндік берді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу