Темір жолдарды жөндеу жұмыстары 96 пайызы аяқталды – Көлік министрлігі

128

Бұл туралы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Темір жолдарды жөндеу жұмыстары 96 пайызы аяқталды – Көлік министрлігі Фото: rail-news.kz

Осы маусымда темір жол көлігімен тасымалдау сапасын арттыру үшін 1400 шақырымға жуық темір жол жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда 1 352 шақырым жол жөнделіп, 96% жұмыс аяқталды.

Мәселен, еліміздің барлық өңірлерін қамтитын жұмыстардың басым бөлігі мына учаскелерде жасалды:

  • Ақтоғай-Семей-Алтай (153 ш/қ);
  • Шу-Қандыағаш (266 ш/қ);
  • Қандыағаш-Ақсарай (138 ш/қ);
  • Астана-Алматы (260 ш/қ);
  • Алматы-Павлодар (106 ш/қ);
  • Жаңа-Есіл-Көкшетау 161 шақырым және т.б.

Жалпы, темір жолдардың 569 шақырымы күрделі жөндеуден, 181 шақырымы кешенді жөндеуден және 602 шақырымы жоспарлы – алдын ала жөндеуден өтті. Елдің солтүстігінде маусым аяқталды, оңтүстік өңірлердің жұмысы әлі де жүргізілуде.

"2025 жылы тағы 1 480 шақырым темір жолды жөндеу жоспарлануда", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу