Темір жолдың өткізу қабілетін арттыруда бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр

1223

"ҚТЖ" ҰК" АҚ темір жолдың өткізу қабілетін арттыру үшін инфрақұрылымды күшейту бойынша жобаларды іске асыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz

Темір жолдың өткізу қабілетін арттыруда бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр

Ағымдағы жылы "Достық-Мойынты" теміржол желісін жаңғырту басталды. Жоба 2025 жылға дейінгі "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" Ұлттық жобасы" стратегиялық құжатына енгізілген. Оны жүзеге асыру пойыздар қозғалысы жылдамдығын тәулігіне 1500 км-ге дейін арттыруға және Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа негізгі транзиттік дәлізінің өткізу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2022 жылы Алматы айналасында айналма желі құрылысын бастау жоспарлануда. Жоба транзиттік жүк ағынын жаңа қысқа бағытқа ауыстыруға, қозғалыс жылдамдығын арттыруға және "Алматы-1" станциясы жүктемесін 40%-ға дейін түсіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Өзбекстанмен шекарада өткізу қабілетін арттыру үшін "Дарбаза-Мақтаарал" желісі салынады. Жаңа желі Өзбекстанмен қатынаста жүктердің қосымша көлемін тарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді және "Сарыағаш-Келес" шекара өткеліндегі жүктемені төмендетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу