Темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылады

969

Темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылады

Маңғыстау облысында темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылады. Келесі жылдың наурыз айына дейін 27 мың дана тетрапод шығармақшы. Мекеменің салтанатты ашылуы осы айдың 28-інде болмақ, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағына барды. Онда ол бірнеше зауыттың жұмыс барысымен танысты.

Айта кетейік, "Ақтау теңіз порты" АЭА инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ең ыңғайлы орын.

Өңір басшысы алдымен "QSM Precast Concrete Aktau" ЖШС-іне барды. Бұл зауыт темірбетон өнімдерін шығарады. Келесі жылдың наурыз айына дейін 27 мың дана тетрапод шығармақшы. Қазір мекеме Құрық портына қажетті өнімді дайындаумен айналысуда.

Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов "Ақтау ЭнергоМаш" ЖШС-іне барды. Бұл мекеме трансформаторлар мен электр кабельдерін шығарады.

Зауыт аумағы 9,8 гектар. Жоба құны 9,1 млрд. теңге. Қуаты: жылына кабель өнімі – 2500 тонна. Электр жабдықтары – 1200 дана.

Облыс басшысы зауыттарды аралау барысында, қызметкерлердің жағдайын сұрап, тілдесті. Ал, мекеме басшыларына нақты тапсырма берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу