Маңғыстауда "Ақтау теңіз порты" АЭА-да темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт іске қосылды, деп хабарлайды ҚазТаг.
Маңғыстау облысының басшысы Ералы Тоғжановтың айтуынша, бүгінгі таңда басты мәселе жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамту. Зауыт аумағында 200 жұмыс орындары ашу көзделген. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 150 дана тетрапод шығару. Өнімді дайындауға негізгі шикізат аймақтағы өте көп құм, цемент, қиыршақ тас және арматура пайдаланылады. Жобаға 768 млн теңге инвестиция тартылады.
Компанияның басқа бәсекелестеріне қарағанда артықшылығы бетонның бағасын арзандататын жаңа технология қолданылады.
Аталмыш жоба индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында іске қосылған.
Бүгінгі таңда АЭА аумағында 16 жоба жүзеге асырылып, 1144 жаңа жұмыс орны құрылды.