Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар алғашқы алтынын еншіледі деп хабарлайды Olympic.kz.
77 келіде белдескен Тамерлан Шадукаев құрлық додасында топ жарды. Финалда Тамерлан ирандық Педжман Поштамды 10:1 есебімен, мерзімінен бұрын жеңді.
Бұл Тамерланның ересектер сапындағы алғашқы алтын медалі. Бұған дейін ол жастар арасындағы әлем чемпионатының қоласына иелік еткен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу