Қазақстандық спортшылар Плайя Эрмосада (Коста Рика) өткен құрлықтық панамерика кубогіне қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ерлер арасында өткен додаға Аргентина, Бермуд аралдары, Венесуэла, Гватемала, Доминикана, Израиль, Ирландия, Қазақстан, Канада, Колумбия, Коста Рика, Литва, Мексика, Панама, Перу, Пуэрто-Рико, АҚШ, Тринидад және Тобаго, Уругвай мен Эквадордан 69 кәсіби спортшы жиналды.
Жарыс қорытындысы бойынша Темірлан Теміров 1:00:17 нәтижесімен үздік ондыққа ілінді. Ал Мейрлан Ысқақов одан 36 секундтан кейін мәреге жетіп, 15-ші орын алды.
Ерлер арасындағы АҚШ спортшысы Джейсон Уэст (58 мин. 57 сек.) жеңімпаз атанды. Арам Мишель Пеньафлор Мойсен (59 мин. 05 сек.) күміс, колумбиялық спортшы Карлос Хавьер Квинчара Фореро (59 мин. 19 сек.) қола жүлдегер атанды.