Теміртау экономикасы өндіріске тәуелді болып тұр

1691

Теміртауда соңғы жылы ШОБ саны кеміген. Қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 22,4% құрайды.

Теміртау экономикасы өндіріске тәуелді болып тұр

Теміртау қаласы өндіріске тәуелді. Қалада соңғы жылы ШОБ-пен айналысатындар саны 1,5 мың адамға азайған. Бұл шаһарды дамытуға қатысты мәселелер көтерілген жиында талқыланды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Жұмыс жүргізілуде, бірақ шешілмеген мәселелер әлі де бар. Қала экономикасының негізін өнеркәсіп құрайды. Өңдеу секторында өндіріс көлемі төмендеді. Негізгі себеп – "АрселорМиттал Теміртаудағы" жалпақ илем өндірісі көлемінің азаюы. Бұл қаланың жүйе құраушы кәсіпорынның көрсеткіштеріне қатты тәуелділігін көрсетеді. Комбинат ақсауда, бүкіл қала ақсап жатыр", – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Теміртауда соңғы жылы ШОБ саны кеміген. Қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 22,4% құрайды.

"Бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингісінің қорытындысы бойынша Теміртау 197 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың арасында 131-ші орында тұр. Бұл облыс бойынша ең нашар нәтиже. Сауалнамаға сәйкес, кәсіпкерлер көлік инфрақұрылымы, коммуналдық желілер проблемаларымен, сыбайлас жемқорлықпен және мемлекеттік органдардың араласуымен, сондай-ақ жергілікті билік пен қала құраушы кәсіпорын тарапынан бизнестің қаржылық қолдауының жеткіліксіздігімен бетпе-бет келеді",– деді Жеңіс Қасымбек.

"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша облыс бойынша 65 отандық кәсіпорын 10 млрд теңгеден астам сомаға жеңілдікті несие алды. Бұл ретте Теміртау бойынша жобалар жоқ.

"Неге белсенділік осыншама төмен? Теміртау облыс орталығы мен Астанадан қадам аттам жерде орналасқан. Неге жобалар жүрмейді? Осымен айналысыңыздар!",– деді әкім жиында

Бұдан басқа, аймақ басшысы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру үшін инвесторларды белсенді іздестіруді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу