Теміртау қаласы тұрғындарының жылу төлемақысы қайта есептеледі

1101

Теміртау қаласы тұрғындарының жылу төлемақысы қайта есептеледі

Теміртау қаласы тұрғындарының жылу төлемақысы қайта есептеледі. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Владислав Цай мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Жылу маусымының басынан бері №2 жылу электр станциясындағы қазандықтың жұмысы 15 рет тоқтаған. Нәтижесінде қала тұрғындарының пәтеріне жылу қажетті көлемде берілмеді. Енді Теміртау тұрғындарына жылу көлемі аз берілген 7 күн ақысы қайта есептелінбек.

Теміртау қаласы әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, станциядағы 6 қазандықтың төртеуі үзіліссіз жұмыс істеп тұр, тағы біреуі қорда. Қазір №2 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізілуде. Желтоқсанның  20-сында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ал №4 қазандық толық жөндеуден өтіп, 10 желтоқсанда іске қосылмақ.

"Құбырдың әр жерінен пайда болған тесіктерді жамау бойынша 15 рет жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты пешті де тоқтатуға мәжбүр болдық. Үйді басқару ұйымдары қызмет көрсетуші мекемеге берілген жылу көлемі жөнінде есеп тапсырады. Осы арқылы нақты берілген жылу үшін қайта есептеу жүреді. Бәрін бақылауда ұстап отырмыз", - дейді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Владислав Цай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу