Теміртауда ер адам жол бойында ерегіскендерді ажыратамын деп ажал құшты

1114

Оқиға 10 наурыз күні кешке Металлургтер даңғылында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Теміртауда ер адам жол бойында ерегіскендерді ажыратамын деп ажал құшты Фото: Видеодан скриншот

Желіде тараған видеода куәгерлер ер адамның жанжалдасып жатқан екі жігітті тыныштандыруға тырысқанын айтады. Алайда олардың біреуі оның сөзін ұнатпай, пышақтап тастаған. Ер адам алған жарақатынан сол жерде қаза тапты.

Қарағанды облысының Полиция департаменті ақпаратты растады.

"Полиция 10 наурыз күні кешке Теміртау қаласында болған Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, мас күйінде күдікті 44 жастағы ер адаммен жанжалдасып, оның барысында пышақ жарақатын салған. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

27 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу