Теміртау қаласында жылу деңгейі төмендеп оқушылар қашықтықтан оқытуға көшірілді

636

Теміртау қаласындағы жылу орталығындағы апаттық жағдай салдарынан жылу деңгейі төмендеді.    

Теміртау қаласында жылу деңгейі төмендеп оқушылар қашықтықтан оқытуға көшірілді Фото: "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметі

Теміртаудағы жылу энерго орталығы қаланы тиісінше жылыта алмай отыр. Осының салдарынан қаладағы 19 мектептің оқушылары бүгін қашықтықтан оқытуға көшірілді. 2-жылу энерго орталығындағы бес қазандықтың тек төртеуі ғана жұмыс жасап тұр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

“Бүгін сағат 7.15-те ЖЭО-2-де №5 қазандық іске қосылды, ол шамамен сағат 12.00-де желіге қосылады, бұл салқындатқыштың температурасын қажетті параметрлерге дейін көтеруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ЖЭО-2 төрт қазандық, үш турбогенератор режимінде жұмыс істейді” -, деп хабарлады “ Арселор Миттал Теміртау“ компаниясының баспасөз қызметі.

Теміртау қаласының әкімдігі 19 мектепте салқын болып кеткендіктен екінші ауысымда оқитын оқушылардың қашықтықтан оқуға кеткенін мәлімдеді. Температура режимі қалыпқа келген соң мектептер қайтадан штаттық режимде жұмыс жасауға көшіріледі.

2-жылу энерго орталығы қалыпты кестеге сай 85 градус жылу беруге тиіс еді, алайда қалаға жылу 65 градуста беріліп тұр. Теміртау қаласының әкімдігі мен “Арселор Миттал Теміртау ” компаниясының баспасөз қызметі жылу орталығындағы ақаулы жағдайдың себебін нақты айтпай отыр.

Еске сала кетсек, жылу маусымы басталғалы Теміртау қаласында жылуға қатысты проблема бірнеше рет орын алған болатын. Қаладағы жылу желісінің 80 пайызының тозығы жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу