Теміртау мен Ақтау кентінде 10 көпқабатты үйдің шатыр қалпына келтіріледі

439

Зақымдалған аумақ шамамен мың шаршы метрді құрайды. 

Теміртау мен Ақтау кентінде 10 көпқабатты үйдің шатыр қалпына келтіріледі Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Теміртау мен Ақтау кентінде бюджет қаражаты есебінен қатты желдің салдарынан зардап шеккен 10 көпқабатты үйдің шатыры қалпына келтіріледі.

Ақтау кентінде жұмыс басталды. Онда сегізінші орамда № 32 бес қабатты үйдің шатыры қалпына келтіріледі.

Теміртауда мердігер компаниялар әзірге тек жұмыстарды бағалауда. Ауа-райының қолайсыздығы кезінде 10 көп қабатты үй ішінара шатырсыз қалды.

"Теміртауда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Дауылды желдің салдарын жою үшін бюджет қаражаты есебінен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Қатты желдің салдарынан зақымдалған ғимараттар мен тұрғын үйлер ғана жөндеуге жатады. Әзірге жедел штабқа 10 үйдің тұрғындары көмек сұрап, жүгінді", – деп хабарлады Теміртау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 21 шілдеде Теміртау мен Ақтау кентінде қатты жел екпіні салдарынан 10 көпқабатты тұрғын үй зардап шекті. Дауылды желдің жылдамдығы, Қазгидрометтің мәліметі бойынша, секундына 32 метрге жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу