Теміртау мен Балқашта COVID-19 диагностикасы бойынша зертханалар ашылады

697

Теміртауда апта соңына дейін тәулігіне 1000 тест шығаратын зертхана жұмыс істейді. Тамыз айында зерттеулер Балқашта да жүргізіле бастайды.

Теміртау мен Балқашта COVID-19 диагностикасы бойынша зертханалар ашылады

Теміртау мен Балқашта коронавирустық инфекцияны анықтау жөніндегі ПТР-зертханалары ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесі барысында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Теміртауда апта соңына дейін тәулігіне 1000 тест шығаратын зертхана жұмыс істейді. Тамыз айында зерттеулер Балқашта да жүргізіле бастайды.

Ал Жезқазған қаласында ПТР-орталығы жақында ғана ашылды. Мұнда тәулігіне 500-ге дейін тест өткізіледі.

Соның арқасында өңірде COVID-19 диагнозын жедел анықтауға мүмкіндік кеңейді.
Қарағанды облысында ПТР әдісімен барлығы 78 907 адам тексерілді.

Вирустың болжамды екінші толқынына дайындалу үшін өңір ауруханаларына қосымша жабдықтар сатып алынады. Қазірдің өзінде 45 ӨЖТ (өкпені жасанды тыныс алдыру) аппараты, 51 оттегі концентраторы сатып алынды, олардың әрқайсысы екі пациентке шақталған. Сонымен қатар үйде КВИ ауруының симптомсыз және жеңіл түрлерімен ауыратын пациенттерді бақылауға арналған 230 пульсоксиметр алынған.

Қазір госпитальдарда орташа және ауыр дәрежедегі коронавирустық инфекциясы бар 653 пациент бар. Олардың 15-і жан сақтау бөлімінде жатыр, үшеуі ӨЖТ аппаратына қосылған. Облыстың 919 тұрғыны өзін-өзі оқшаулауда, оларды үйде байқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу