Теміртау мен Риддер тұрғындары жылусыз қалды

348

Тұрғындар шағымдануда.

Теміртау мен Риддер тұрғындары жылусыз қалды Фото: inbusiness.kz

Теміртауда ҚарГРЭС-1 сорғы стансасы апатты түрде тоқтап, Риддерде БШМ кабелі үзілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрметті тұрғындар Теміртау қаласындағы ҚарГРЭС-1 қазандық сорғы стансасының апатты жағдайда тоқтап қалуына байланысты станцияның қазандық агрегаттары резервтік отынға (мазут) көшірілді. Жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта температуралық кестені тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Технологиялық бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізілуде", - делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Қала тұрғындарының айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын болып тұрады.

"Сыртта аяз соғып, жылусыз қалдық, жүйе қатып қалса, оны кім қалпына келтіреді?", "Тағы да жыл сайын солай. Құдай қаласа, биылғы қыстан аман-есен шығайық" деп жазады халық.

Риддер әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 желтоқсан күні сағат 13:50-де БШМ-де кабель үзіліп, екінші станцияның қазандық блогының жұмысын тоқтатқан. Қала тұрғындары пәтерлеріндегі суыққа жаппай шағымдануда.

"Кешеден бері пәтерлерде күн суыта бастады, ал бүгін мүлдем салқын...", "Біз балалармен ауруханада тоңып жатырмыз", - деп жазады қала тұрғындары әлеуметтік желіде.

"Қазіргі уақытта қазандық қондырғысы іске қосылды, жоспарланған температура кестесіне жету уақыты 23:00. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлайды Риддер қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу