Теміртау тұрғындары Астана қаласының әкімін сотқа берді

896

Теміртаулықтар Астана қаласының әкімі - Жеңіс Қасымбекті сотқа берді.

Теміртау тұрғындары Астана қаласының әкімін сотқа берді Фото: tengrinews.kz

Айтуынша, өткен айда "құрышты қала жұртын жылусыз қалдырғандар арасында Қарағанды облысының бұрынғы әкімі де бар. Шенді 2022 жылы қаладағы магистральді жылу құбырларының жөндеу жұмысын аяқсыз қалдырған. Ал халықтың халықтың қамсыз отыруын қамтамасыз етуі тиіс қала басшысы  Қайрат Бегімовтың лауазымын жоғарылатқан. Осылай деген тұрғындар жауаптыларды жазаға тарту үшін, облыстық мамандандырылаған әкімшілік сотқа шағым түсірді. Қазір 5 жәбірленушінің арызы бойынша жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты сот жүріп жатыр. Кезекті отырыс 9-шы ақпанға белгіленді.  

"Жеңіс Қасымбек магистральді жылу жүйесінің толық жөндеу жұмысын аяқтамай, кетіп қалды. Сонымен қатар, Теміртауға тексеріс жүргізгенде "барлығы жақсы болады" деп сендірген еді. Алайда, олай болмай шықты. Қаланың жартысы жылусыз отыр. Мектептер тиісті деңгейде жылытылып жатқан жоқ. Сондықтан, ол кісі де жауапқа тартылуы тиіс", деді Теміртау қаласының тұрғыны Екатерина Цишецкая.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу