Монополист Теміртау тұрғындарына 300 млн теңгеден астам қаражатты қайтарып берді, деп жазады inbusiness.kz Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Теміртау қаласының прокуратурасы 2022-2023 жылдар кезеңінде жылумен жабдықтау саласына талдау жүргізді. Оған сәйкес жылыту маусымы басталғаннан бері "Оқжетпес-Т" ЖШС "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның ЖЭО-2 желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізгені анықталды.
"Бұл қала тұрғындарының үйлерінде температуралық режимнің жиі бұзылуына әкелген. Мұндай жағдайларда жылу беру қызметтерінің құнын қайта есептеуі тиіс болған, алайда монополист мұны істемеген. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жылумен жабдықтауды пайдаланғаны үшін 300 млн теңгеден астам сомаға 120 мың тұрғынға (118 362 жеке тұлға, 1329 бизнес субъектісі) қаражатты қайта есептеді", - делінген хабарламада.