Теміртау тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

590

Сот үкіміне сәйкес ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.  

Теміртау тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды Фото: inform.kz

Теміртау қаласының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, 21 қараша күні терроризмді насихаттау фактісі бойынша Теміртау қаласының тұрғыны Д.Ш.-ға қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының айыптау үкімі заңды күшіне енді.

"Тергеу және сот оның жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалдық діни идеологияны таратқанын анықтады. Қылмыстық іс материалдарымен оның кінәсі толық дәлелденді. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Фигурантта ауыр қылмыс жасағаны үшін соттылығы болған", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу