Теміртау тұрғынынан 2 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды

404

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Теміртау тұрғынынан 2 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды Фото: inbusiness.kz

Теміртау тұрғынынан 2 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Полиция басқармасына 34 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ол әлдебір адамның өзіне күш қолданып, қорқыту арқылы 2 млн теңге бопсалағаны туралы хабарлады.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері"Арлан"жауынгерлерімен бірлесіп жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамды ұстады", делінген хабарламада.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде кастет және пневматикалық тапанша тәркіленді.

Аталған дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 194-бабына ("Бопсалау") сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу