Теміртаудағы Жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары кешігіп жатыр. Бұл жайында Энергетика министрлігі жүргізген тексерістен кейін белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Нақтыласақ, қазандықтағы газ құбырларын жөндеуге әлі келісімшарт жасалмаған. 2 трубинаны сәуірде жөнге келтіруі тиіс еді. Бірақ жауапты компания іске кіріспеген. Егер осылай жалғаса берсе Теміртау жұртшылығы биыл да жылусыз қалуы мүмкін.
"Біз де өзіміздің деңгейде анықтап, бірнеше рет ТЭЦ басшыларына жазбаша түрде ескерту жеткізгенбіз. Мердігерлердің күштерінің жетіспеушілігіне байлансты. Сонымен қатар, жөндеуге қажетті жабдықтар мен материалдарды уақытында обекте болмауына байланысты. Жүк көтергіш жабдықтар бірнеше апта істемей жатыр", - деді Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.