Теміртауда 20 жастағы сарбаз қайтыс болды

1098

Қайғылы оқиға түнде болған.

Теміртауда 20 жастағы сарбаз қайтыс болды

Теміртаудағы №5516 әскери бөлімінің сарбазы өзіне оқ атты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Оқ әскери қызметкердің басына тиген. Оның денесі бекеттен табылған.

Сарбаз ауруханадағы жансақтау бөліміне жатқызылды. Алайда ол бір сағаттан соң көз жұмған.

"Түнгі сағат шамамен 01:30-да бекетте 20 жастағы мерзімді қызметтегі әскери қызметкер өзіне оқ атты. Ол ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, түнгі сағат 02:20-да сарбаз қайтыс болды. Басшылық қызметтік тергеу жүргізуді тағайындады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп жазылған Ұлттық ұлан "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық істі орталық аймақтың әскери-тергеу басқармасы тергеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу