Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында 40-қа жуық үй жылусыз қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қала әкімі Ғалым Әшімовтің сөзінше, төтенше жағдай 8-шағынауданда болған. 1970 жылдардан бері жөндеу көрмеген құбырдың ескі бөлігі зақымданып, қайта жөнделген.
Қазіргі уақытта барлық жөндеу жұмыстары аяқталып, жылу трассасы толтырылған, барлық көппәтерлі тұрғын үйде жылу қосылған.
– Технологиялық үдерістерге байланысты үйлер мен пәтерлердің толық жылынуына біршама уақыт қажет болуы мүмкін екенін назарға саламыз. Жылудың болмауы немесе сұрақтар туындаған жағдайда диспетчерлік қызметке хабарласуларыңызды сұраймыз, – дейді әкімдік өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу