Теміртауда 6 жасар бала алтыншы қабаттан құлап мерт болды

253

Бала алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. 

Теміртауда 6 жасар бала алтыншы қабаттан құлап мерт болды Фото: ашық дереккөз

Төтенше жағдай министрлігі Теміртауда алты жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Бала алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.

Бала көпқабатты үйдің терезесінен құламас үшін мына сақтық шараларын ескерген жөн:

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз

Бала бар пәтер терезесін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз

Баланың өзі ашып алмас үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз

Ешқашан москит торын қолданбаңыз, балалар оған сүйеніп құлайды.

Баланың терезеге көтерілуіне жол бермес үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу