Теміртауда 63 жастағы әйел бірге тұратын ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"21 қазанда Теміртау қаласында қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері кісі өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің бірге тұратын 63 жастағы әйелін анықтап, ұстады", – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаменті.
Мас күйде болған әйелдің ер адамға пышақ жарақатын салғаны айтылады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицияның мәліметінше, осыған дейін әйел мен ер адам есепте тұрмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу