Теміртау қаласының көпбейінді ана мен бала орталығында алып бала дүниеге келді, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.
"22 ақпан күні жедел жәрдем қызметімен орталыққа жүкті әйел келіп түсті. Салмағы 5055 грамм және бойы 57 сантиметр болатын ұл бала дүниеге келді. Нәресте – отбасындағы төртінші бала", - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгінде ана мен сәбидің жағдайы жақсы, олар дәрігерлердің бақылауында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу