Теміртауда металлургиялық зауыттың жанындағы стеладағы АрселорМиттал жазуы алынып тасталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Qarmet компаниясының жаңа иесі Теміртаудағы зауыт жанындағы стеладағы ескі ArcelorMittal жазуын алып тастады. Бөлшектеу барысын қаладағы белгілі экологиялық белсенді Станислав Войцеховский түсіріп алған.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде компания қызметкерлері жұмыс киімінен ArcelorMittal деген жазуы бар ескі жолақтарды жұлып алған видеолар да таралуда. Алайда Qarmet бұл уақытша шара екенін хабарлады. Жақында компания қызметкерлері жаңа сапалы жұмыс киімдерімен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта дизайн әзірленуде, деп сендірді компания.
"Әлеуметтік желілерде бұрынғы компания логотипі бар жолақтар мамандандырылған киімнен алынып тасталатын бейне танымал болуда. Айта кетейік, бұл компанияның жаңа жұмыс киімдері шыққанша барлық қызметкерлер үшін уақытша қажеттілік екенін айтқымыз келеді", - деп хабарлады компания.