Теміртауда барлық мектептер қашықтан оқуға көшті

445

Теміртау қаласының барлық мектептері қашықтан оқуға көшкен. Себебі, сыныптардағы температура тиісті деңгейге жетпейді. Қыс басталғалы "жылу жоқ" деген тұрғындар бұл жайттың болатынын білгенбіз, дейді. Айтуынша, билік осы уақытқа дейін мәселеге мән бермей келген. Енді, мыңдаған оқушы онлайн оқуға мәжбүр.

Теміртауда барлық мектептер қашықтан оқуға көшті Фото: inform.kz

24-ші орта білім беретін бұл мектепте 1200-ден аса бала оқиды. Бірақ, қыс басталғалы дірдек қағып отырған балалар бүгіннен бастап қашықтан оқуға көшкен. Себебі, сыныптағы температура сегіз градустан аспай тұр.

"Міне алты жарым градусты ғана көрсетіп тұр. Сонда балалар мына азынаған сыныпта қалай оқиды? Балалар осы күнге дейін киіммен отырып келді. Ол бізге де ыңғайсыздық тудырып отыр", дейді Биология пәнінің мұғалімі Марина Грибанова. 

Дәл осындай күй кешкен қаладағы тағы 23 мектептің есігі оқушылар үшін жабық. Қала билігінің сөзінше, жылу тиісті дейгейде берілмейінше, балалар онлайн режимде білі алады.

"Кешке жақын тағыда тексереміз. Жылу нормаға сәйкес келсе, ертең оқушыларды қайта оқуға жіберетін боламыз. Келмесе, облыс басшылығымен біз арнайы шешімге келеміз. Шешімді ата-аналарға жеткіземіз", Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Зияшев.  

Бұл келеңсіздікке "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі "Жылу энерго" орталығында алты қазандықтың бірінен соң бірі істен шығуы себеп болған. Ал, алпауыт компания өкілдері аталған мәселеге қатысты әдеттегідей жақ ашпады. Ал, оқушылар ертең мектепке бара ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу