Теміртауда бірнеше күн бұрын суға кеткен ер адамның денесі табылды

469

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Теміртауда бірнеше күн бұрын суға кеткен ер адамның денесі табылды Фото: google.com

Теміртау қаласында осыдан бірнеше күн бұрын суға батып кеткен ер адамның денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.  

Қарағанды облыстық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 29 шілде күні сағат 21:54-те Самарқанд су қоймасында жағалаудан 100 метр қашықтықта ер адамның суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. 

26 жастағы жігіттің су скутерін жүргізіп келе жатып, моторлы қайықпен соқтығысқаны және суға батып кеткені анықталған. 

"Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін облыстық ТЖД күштері жұмылдырылды. 2 тамыз күні сағат 14:15-те департаменттің сүңгуір-құтқарушылары жағадан 350 метр жерден ер адамның денесін тапты", - делінген хабарламада.

Департамент тұрғындардан шомылу кезінде сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу